Ұлы Абайдың туғанына 175 жыл толуына орай Абай оқулары еліміздің барлық өңірлерінде жалғасын табуда. Жақында Алматыдағы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі №4 кітапхана бөлімшесі және Әлем Халықтары Жазушылар одағының бірлесуімен қазақ руханиятының көрнекті өкілі, ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевқа арналған «Адамның хикмет кеудесі» Халықаралық Өнер фестивалі өтті.
Өнер фестиваліне алыс-жақын туысқан елдерден ақындар, көрнекті қаламгерлер, өнер майталмандары шақырылды. Əділқазылар алқасының құрамында: ақын Болат Шарахымбай, ЮНЕСКО өкілі, академик жазушы әл-Халел Қарпық, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Мұхтар Өтеуов жəне де Байбота Қошым-Ноғай, Аян Нысанəлі, Зейнолла Тəлеужан, Дəулетбек Байтұрсынұлы сияқты көрнекті қаламгерлер болды.
Кітапхана мәліметі бойынша,өнер фестиваліне Өзбекстан Жазушылар Одағының мүшесі Хосият Рустамова, Қырғызстан Жазушылар Одағының мүшелері Өмірбүбі Бегалиева мен талантты қырғыз ақыны Перизат Алмақызы да қатысты. Өнер фестивалінде поэзия, проза, музыка мен өнер номинациялары бойынша түрлі музыкалық аспаптар ойналып, Абай өлеңдері мен əндері орындалды.
АЛМАТЫ