Тауда жоғалған альпинистердің спутниктік телефоны өшіп тұр, байланыс операторлары қоңырау шалынған жерді анықтай алмай отыр. Бұл туралы Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мәлімдеді деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Біздің төтенше жағдайлар бөлімі жоғалған альпинистерді құтқару жұмыстарына тікелей қатыспайды, бірақ жоғалғандар Алматы тұрғындары болғандықтан, сұрақтарыңыз бізге келеді. БАҚ-та бұл оқиғаға қатысты барлық жаңалықтар айтылып жатыр. Біз еш жерде айтылмаған ақпаратпен бөлісейік. Альпинистерде «Турая» спутниктік телефоны бар, ол соңғы рет 15 тамызда байланысқа шыққан. Байланыс операторлары қоңырау түскен жерді әлі анықтай алмады. Құрылғының өшіп тұрғаны белгілі болды, мүмкін қуатты таусылған болар. Мұндай құрылғылар -40-тан +40 градусқа дейінгі температурада жұмыс істейді», - деп хабарлады Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментіндегілер.
«Бұдан басқа, кез-келген дайындалған альпинист - еріктілер құтқару жұмыстарына қатыса алмайды, жақында ғана төменгі биіктікте бейімделуден өткен адамдар қажет. Бұл талаптарды жақында жарыстан оралған ҚР ҚМ-нің альпинистік командасы орындайды. Біз олардың кәсіби шеберлігі мен авиациялық жұмыстар үшін қолайлы ауа-райы болады дегеннен үміттенеміз. Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару тобы оқиға орнынан ұшып кетті», деп атап өтті төтенше жағдайлар саласының өкілдері.