22-24 тамыз аралығында жаңбыр жауып, температура төмендейді. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.
«Республиканың солтүстігінде жаңбыр және температураның төмендеуін тудырған суық атмосфералық фронт, оңтүстік бағытта жылжуын жалғастырады. Бұл фронтпен алдағы екі тәулікте солтүстік, орталық және шығыс облыстарында жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай күтіледі, желдің дауылды күшеюі және бұршақ жаууы ықтимал. Сондай-ақ оңтүстікте және жеке аймақтарда найзағаймен өткінші жаңбыр жаууы ықтимал. Ал оңтүстік-шығыста найзағаймен жаңбыр, таулы және тау бөктері аймақтарында қатты жаңбыр және болжанатын аралықтың ішінде бұршақ жаууы ықтимал. Тек батыс және оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз және ауа температурасы бұрынғыдай климаттық нормадан 3…5°С жоғары», делінген хабарламада.