• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Тамыз, 2019

Жапондықтар EAGLE-3 зерттеу жобасына жоғары баға берді

442 рет
көрсетілді

Әлемдегі алпауыт мемлекеттер ішінде біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш рет тарихи Жолдауымен адамзатқа апат әкелген ядролық сынақ полигонын жапты. Қазақстан өз еркімен әлемдегі ең ірі төртінші ядролық қарудан бас тартты.

Атап айтқанда, 1200 ядролық оқтұмсығы бар, 110 баллистикалық ракеталардан арылды. Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат ел атанды. Бұл жұмыстардың барлығы оқтамай жүзеге асып, Курчатов қаласындағы Ұлттық Ядролық Орталықта шет елдермен де ғылыми байланыс орнады.

Жақында ҚР Ұлттық Ядролық Орталығында Ядролық энергетика бойынша Жапония елінің JAEA ұйымымен бірлесіп 10-шы рет техникалық мәселелер бойынша EAGLE-3 жобасына арналған зерттеу, зерделеу кездесуі өтті. Ұлттық Ядролық Орталықтан хабарлағандай, жоба негізінен натрий жылу ұстағышы бар жылдам қозғалатын нейтрондардағы реакторлар қауіпсіздігін арттыру болып табылды.

Кездесу барысында ішкі және сыртқы реакторлар қауіпсіздігі анықталды. Қазақстан жағы EAGLE қондырғысы мен ИГР реакторларындағы тәжірибелерімен бөлісті. Жиын соңында жапондық әріптестер Қазақстан ғылымына жоғары баға берді.

                                              

СЕМЕЙ