• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Тамыз, 2019

Семейде италиялық журналистер саяхаттап жүр

165 рет
көрсетілді

Аты әлемге әйгілі болған Семей сынақ полигонын зерттеу үшін  Италиядан Пьерпаоло Миттика мен Алессандро Тессей есімді журналистер арнайы келді. Олар ұзақ жылдардан бері қарай ядролық полигонды зерттеумен айналысады екен.

Жұмыс істеген жылдары зерттеушілер Фукусима мен Чернобыль қалаларында да болған. Олардың айтуынша, табиғатқа және жергілікті халыққа ұзақ жылдар бойына орны толмас зиян келтірген Семей ядролық полигоны да назардан тыс қалған жоқ.

- Біз Қазақстанға саяхаттаушы ретінде емес, жұмыс істеу үшін келдік. Бүгін  біз бірден балалар үйіне бардық. Дамуында ауытқулары бар балаларды көру біз үшін өте қиын болды. Полигонмен болған барлық жағдай осы елге, өңір тұрғындарына қатты әсер еткен. Біз үшін осындай адамдармен жұмыс істеу өте қиын,-дейді фотограф-журналист Пьерпаоло Миттика.

Семей қаласының ақпараттық орталығының мәліметінше, бүгінгі таңда италиялықтар өз еліне осындай полигонның зардабын тартқан халықтың қалы қандай екенін  Италия көрермендеріне жеткізгісі келеді екен.

СЕМЕЙ