Облыстық тілдерді дамыту басқармасының Оқу орталығында Ресейдегі қазақ диаспорасына қазақ тілін үйретуге арнаған семинар-тренинг өткізілді. Бұл шара дәстүрге айналған.
Челябі облыстық білім министрлігі мен Қостанай облыстық тілдерді дамыту басқармасы арасындағы келісім бойынша, жыл сайын оқу жылы алдында Челябі облысының қалалары мен аудандарынан қоғамдық негізде тіл үйрететін, қазақ тілін жақсы білетін қандастарымызды шақырып, оларға тіл үйретудің әдістемелерін оқытып, сертификаттар тапсырылады.
Биылғы семинар қазақ тілі әліпбиінің латын графикасына көшірілуі туралы өтті. Сабақты Қостанай, Рудный қалалық және Қостанай аудандық оқу орталықтарының әдіскерлері Гүлнар Талапова, Назгүл Мыңбаева мен Жанна Жарасбаева жүргізді. Қазір Челябі қаласында, Агапов, Нағайбақ, Троицк, Чесма, Верхнеуральск аудандарында қазақ диаспорасының өкілдеріне қазақ тілі сабағы жүргізіледі.
Қостанай