Балқаш қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Үлкен Жүрек» даму және әлеуметтік бейімдеу орталығының жанынан ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған ойын алаңы ашылды.
Ойын алаңы Санкт-Петербург қаласында арнайы тапсырыс бойынша жасалған түрлі кешенді механизмдермен жабдықталған. Олар ерекше балалардың дамуына оң әсер тигізеді деп есептейді демеушілер.
Балқаш қаласының әкімі Ораз Тәуірбеков мұның «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылып жатқан төртінші ірі жоба екенін атап өтті.
– Балаларға барлық жағдайды жасау – біздің мемлекетіміздің басым бағыттарының бірі. Біздің міндетіміз – әрбір балаға бақытты болашақ тарту ету. Бұл ойын алаңы ерекше қажеттіліктері бар балалардың дамуына, олардың қоршаған ортаға бейімделуіне игі әсерін тигізеді,- деп атап өтті қала басшысы.
Айта кету керек, жобаны қаржыландырған «Қоңырат» корпоративтік қорының «Үлкен Жүрек» даму және әлеуметтік бейімделу орталығына көрсетіп отырған бұл алғашқы көмегі емес. Мұның алдында олар аталған орталыққа жаңа ғимарат салып берген болатын.
Қарағанды облысы