• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Тамыз, 2019

Шымкент әкімі бас басылым басшысымен кездесті

273 рет
көрсетілді

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Халықаралық Түркі академиясының президенті, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлімен кездесті.

Кездесуде тараптар Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында айтылған міндеттерді іске асыру жайын талқылап, еліміздің бас газетінің 100 жылдығына арналған шаралар жайлы да сөз қозғалды.   Оқырманға сенімді ақпарат таратуда алар орны бар салмақты басылымның алдағы жоспарларымен бөліскен Дархан Қуандықұлы газеттің ғасырлық тойы қарсаңында Алаштың аяулы азаматтары Тұрар Рысқұлов, Сұлтанбек Қожановтың туғанына 125 жыл толуына орай, Шымкент қаласында ғылыми конференция өткізуді ұсынды.   Өз кезегінде қала басшысы «Egemen Qazaqstan» газетінің мерейтойымен құттықтап, еліміздің бас басылымының алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Сонымен қатар әкім айтылған ұсыныстарды қолдайтынын жеткізді.