• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Президент 23 Тамыз, 2019

Мемлекет басшысы «Kazakhmys Smelting» ЖШС-нің Жезқазған мыс балқыту зауытына барды

336 рет
көрсетілді

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі xабарлады.

Қазақстан Президенті әлемде сұранысқа ие мол өнім түрлерін шығаратын өнеркәсіп орнының өндіріс цехтарының жұмысымен танысты.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2018 жылы желтоқсанда зауытта мыс өндірісін жылына 100 мың тоннаға арттыруға мүмкіндік беретін екінші кенқыздыру пеші іске қосылғаны жөнінде айтылды.

Президент зауыт жұмысшыларымен әңгімелесу барысында ел игілігі үшін сіңірген зор еңбектері үшін оларға ризашылық білдіріп, мемлекет тарапынан өңір тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру шаралары жалғаса беретінін атап өтті.