Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Қайрат Айтмұхамбетұлы Нұрпейісов Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды», делінген хабарламада.
Сондай ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Кәрім Насбекұлы Көкірекбаев Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.