• RUB:
    4.97
  • USD:
    497.26
  • EUR:
    525.21
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Тамыз, 2019

Жалпыұлттық коалиция тарады

538 рет
көрсетілді

Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының жұмысы тоқтады. Бұл шешім Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің төрағалығымен өткен кеңес барысында қабылданды.

Елордадағы Тәуелсіздік сара­йында Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының отырысында күн тәртібіне аталған коалицияның жұмысын тоқтату туралы мәселе шығарылды. Кеңес жұмысын ашқан Nur Otan партиясы Төраға­сының бірінші орынбасары Бауыр­жан Байбектің айтуынша, өткен 8 жыл ішінде жалпыұлттық коалиция жалпыұлттық диалогты қамтамасыз ету бойынша тиім­ді қоғамдық алаңға айналды. Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттік органдар арасындағы мемлекеттің дамуы­ның маңызды мәселелері бойынша консенсус табылды. Коалиция «Қазақстан-2050» мемлекетті дамыту стратегия­­сын қолдауға арналған жетекші қоғамдық және саяси күштерді, Тұңғыш Президент – Елбасының мемлекеттік бағытының жақтас­тарын біріктірді.

Nur Otan партиясы Төрағасы­ның бірінші орынбасары атап өткендей, аталған алаңда саяси­ жүйе, экономика, әлеуметтік және мәдени салалардың даму сала­сындағы өзекті бағыттар тал­қыға түсті. Барлық осы мәселелер бойынша оларды іске асыру тұрғысында теңдестірілген ше­шім­ді анықтады деген келісімге келді. Мысалы, 2017 жылы мем­лекеттік биліктің тармақтары ара­сындағы өкілеттілікті қайта бөлу туралы конституциялық реформа мәселесі талқыланды. Парламент пен Үкіметтің рөлі күшейтілді. Қазір Үкімет бәрінен бұрын Мәжілістің алдында есепті. Депутаттардың, соның ішінде, министрлерді келісу мен босатудағы өкілеттілігінің ауқы­мы кеңейді.

Аталған реформаның прак­тикалық қадамдарының бірі өткен жылы сайлау туралы жаңа заңның қабылдануы болып саналды. Барлық деңгейдегі ал­дағы мәслихаттар сайлаулары партиялық тізім бойынша өткізілетін болады. Нәтижесінде саяси партиялардың рөлі арта түспекші. Бұл – демократия индексі бойынша барынша дамыған 30 елдің және Батыс Еуропаның басым елдерінің үздік тәжірибесі.

– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы Саяси кеңе­сінің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде айтқандай: «Сайлаудың пропорционалды үлгісі үздік әлемдік тәжірибеге толықтай сәйкеседі, саяси партия­лардың қызметін белсендіре отырып, саяси жүйенің нығаюы мен демократияның дамуына себеп болады. Бүгін осы жерде 5 партияның, соның ішінде, 3 парламенттік пар­тияның өкілдері отыр. Сайлау туралы жаңа заң партиядан жауап­кершілікті арттыру және сайлаушылармен практикалық жұмысты күшейтуді талап етеді. Осы шарт­пен барлық партиялар оған бел­сенді дайындалу қажет.  Nur Otan дайындықты бастады. Nur Otan Саяси кеңесінің соңғы отырысында «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – Nur Otan партиясының 7 серпіні» атты партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасы қабыл­данды, – деді Бауыржан Байбек.

Отырыс барысында Бауыржан Байбек, сондай-ақ Nur Otan партиясы Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясы шеңберінде басталған кең қоғамдық пікірталас Қазақстан Президентінің жа­нын­дағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алаңында жалғасын табатынын айтты.

– Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі – бұл ел дамуының маңыз­ды саяси мәселелері бойынша жал­пыұлттық диалогтың жаңа дең­гейі. Бұл Кеңестің мәртебесі мен маңыздылығы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуі­мен расталады. Сонымен қатар кеңес құрамына партиялар мен ҮЕҰ өкілдері, қоғам қайраткерлері, сарапшылар кірді. Nur Otan партия­сы осы Кеңестің жұмысына белсене қатысады. Бюро мен Сая­си кеңестегі талқылаудан кейін біздің партиядан бірқатар мәсе­лелер енгізілді. Әрі қарай біз өз ұсыныстарымызды әзірлеп, ен­гізетін боламыз. Коалицияның бар­лық мүшелерін Қазақстанның одан әрі дамуы үшін жалпыұлттық диа­логты дамытуға үлес қосуға шақырамыз, – деді Бауыржан Байбек.

Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары, сонымен қатар тараптармен әріптестік одан әрі жалғасын табады деп атап өтті. Өзара әрекеттестік үшін үлкен әлеует «Мирас», «Nur Otan Talks» және «Nur Otan Trends» партиялық диалог алаңдары шеңберінде де бар.

Кеңес отырысында сөз ал­ған «Ақ жол» демократиялық партия­сының төрағасы Азат Перуашев: – Коалиция өте өзекті мәселелерді талқылап, қоғаммен,  сайлаушылармен тығыз жұмыс істеді. Коа­лиция осы уақыт аралығында өз мақ­сатына жетті деп ойлаймын, – деді.

Ал «Атамекен» Ұлттық кәсіп­кер­лер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов: «Коалиция осы уақыт аралығында ұлт мүддесіне қызмет етті. Оның ішінде, коалиция отырыстарында кәсіпкерлерді мазалаған мәселелер ашық талқыланды», деген ойын білдірді.

Соңында Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің коалиция жұмысын тоқтату туралы ұсынысы бірауыздан қабылданды.