Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасына жазды.
«Раушан Жаңабергенқызы Қажыбаева Қазақстан Республикасы Президенті телерадиокешенінің бас директоры болып тағайындалды. Бұған дейін Раушан Қажыбаева ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі, ҚР Парламент Сенаты төрағасының кеңесшісі, ҚР Парламент Сенаты баспасөз қызметінің жетекшісі, ҚР Премьер-Министрі баспасөз қызметінің басшысы, баспасөз хатшысы, «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ қоғаммен байланыс департаментінің директоры болып қызмет атқарды. Сондай-ақ республикалық «КТК» және «Қазақстан» телеарналарында жұмыс істеген», деп жазды Берік Уәли.