Облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының мәліметінше,облыс орталығындағы «Сарыарқа» шағын ауданында салынып жатқан тұрғын үйлер осы жылдың 1 желтоқсанына дейін пайдалануға берілуі тиіс.
Шағын ауданда құрылысы жүріп жатқан №27 тұрғын үй «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшыларына арналған. Қазір құрылысты «СК-Строитель» компаниясы жалғастыруда. Инженерлік желілер тартылуда. Қыркүйек айының соңында үйді пайдалануға берілмек.
Құрылыс материалдары, жұмыс күші, қаржы – бәрі бар. Қарқынын үдету қажет. Әр маман бір-бір үйге жауапты болып, жұмыс күнін осы алаңнан бастауы керек, - деді құрылысты аралаған облыс әкімі Б.Бақауов.
Ал «Астана Көктем-С» компаниясы шағын аудандағы №11 үйдің құрылысын осы жылдың маусым айында бастаған. Желтоқсан айына дейін үйді пайдалануға береді.
Облыс орталығында Достық және Әуежай қалашығы аудандары 16 қабатты тұрғын үйлерінің құрылысы жалғасуда. Әуежай маңындағы үйлердің бір шаршы метрі 120 мың теңге шамасында болмақ. Оларды «7-20-25» бағдарламасы мен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы алуға болады.
Тұрғын үйлер облигациялық қарыз есебінен, бір шаршы метрі 130-160 мың теңгеге салынуда. Мемлекеттік бағдарлама аясында бір шаршы метрі 120 мың теңгеге сатылады.
Қазір 73 пәтерлі 55 үй салынуда, оның төртеуі жыл соңына дейін аяқталады.
ПАВЛОДАР