Абай Құнанбайұлының шығармаларын насихаттауға еліміздің әр түкпірінен жүзден аса оқушы жиналды.
Оқушылар Абай мен Шәкәрімнің өлеңдерін жатқа оқудан бақ сынаспақ. Биыл қатысушылар алты номинация бойынша өз өнерлерін ортаға салады. Абайдың қара сөзін жатқа айтып, Шәкәрім шығармаларынан үзінді оқымақшы.
- Бүгін Семей қаласына келдік, - деді Ақтөбе облысының мектеп оқушысы Дариға Нысанқұл, - қала бізге ұнады. Бұл қасиетті, тарихқа толы Абай туған ел. Абай өлеңдерін бала кезімнен оқыған едім. Енді, міне, 11-сыныпқа келген кезде «Абай жолы» кітабын оқуды қолға алдым. Тілі өте бай әрі қызықты шығарма.
Республикалық «Абай оқуларына» келгендер ақын ескерткішіне гүл қойып, тағзым етті.
СЕМЕЙ