• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Әлем 28 Тамыз, 2019

Димаш ауыр дертке шалдыққан татар қызымен кездесті

314 рет
көрсетілді

Димаш Құдайберген Қазан қаласындағы хосписке арнайы барып, өзінің кішкентай жанкүйерінің арманын орындады. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.

Димаш Құдайберген өзінің командасымен бірге Қазан қаласындағы хосписке арнайы кіріп шықты.

«Сырқаты ауыр Лейсан есімді қыз Андрей Малаховтың хабарында Димаштың шығармашылығы өзінің ауруымен күресуге күш сыйлайтынын, әнін тыңдаған сайын өмірдің әлі алда екенін түсінетінін айтқан болатын. Ол Димаштың Қазанда ән айтатынын естігенде барғысы келгенін, бірақ бесінші рет химиялық курстан кейін ол мүмкін еместігін айтқан. Сондықтан, Димаш жанкүйеріне өзі келіп, баланың арманын орындады», - делінген  Youtube арнасында.