• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Тамыз, 2019

Солтүстік Қазақстанда ірі қара мал белгісіз кесел жұқтырды

261 рет
көрсетілді

Оқыс оқиға  Аққайың ауданында тіркелген.

Тоқшын  ауылында 9 сиырдың індет ауруын жұқтырғаны анықталған. Зеңгі баба түлігінің денелерінде белгісіз ісіктер пайда болып, аяқтарын баса алмай қалған. Басында «нодулярлық дерматит» деген диагноз қойылғанымен, расталмаған.

Мамандардың айтуларына қарағанда, бұндай белгісіз індет өңірімізде бұрын-соңды тіркелмеген.  Ауыл тұрғындары жұмбақ ауру таралып кетпесе екен деп алаңдаулы. Белгісіз кеселдің емі табылғанша ет пен сүтті тұтынуға және сатуға тыйым салынған.

Ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы Берік Әлжанов БАҚ өкілдерімен өткен жедел сұхбатта  ветеринарлық тексеру шаралары жүргізіліп жатқанын, ауылдағы төрт түлік малдың бәрі қамтылатынын, жаңадан ауру белгілері шықпағанын  жеткізді.

 

Солтүстік Қазақстан облысы