Әңгімелесу барысында сұхбаттасушылар Қазақстан-Ресей саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастығының көпжоспарлы дамуын талқылады.
Сонымен қатар, тараптар ағымдағы жылдың қыркүйек айында Ресейдегі Қазақстанның Мәдениет күндерінің аясында өтетін гуманитарлық саладағы диалогты одан әрі ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин алдағы кездесулердің кестесін жоспарлады.