• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Спорт 29 Тамыз, 2019

«Астана» БАТЭ-ге қарсы ойнайтын негізгі құрамын жариялады

285 рет
көрсетілді

Бүгін Белоруссияның Борисов қаласында футболдан Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі БАТЭ – «Астана» клубтарының қарымта кездесуі өтеді.

Елорда командасының бас бапкері Роман Григорчук бүгін мына футболшыларға бірінші минуттан бастап сенім артып отыр.

Негізгі құрам: Ненад Эрич (К,В), Дмитрий Шомко, Лука Шимунович, Евгений Постников, Антонио Рукавина, Юрий Логвиненко, Иван Маевский, Рунар Мар Сигурьонссон, Роман Муртазаев, Марин Томасов, Дорин Ротариу.

Қосалқы құрам: Александр Мокин (В), Жарко Томашевич, Абзал Бейсебеков, Юрий Перцух, Серікжан Мужиков, Рангело Янга, Дидар Жалмұқан.

Айта кетейік, екі команда арасындағы алғашқы кездесуде жерлестеріміз 3:0 есебімен басым түскен еді. Егер «Астана» бүгінгі кездесуде үш гол айырмашылығымен жеңілмесе, қатарынан бесінші жыл Еуропа лигасының топтық кезеңінде сынға түсуге мүмкіндік алады.