• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 30 Тамыз, 2019

Діни бірлестіктер өкілдерінің кезекті отырысы өтті

247 рет
көрсетілді

Елордамыздағы Бейбітшілік және келісім сарайында Конституция күніне орай Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне қарасты Дін істері комитеті ұйымдастырған діни бірлестіктер өкілдерінің кезекті отырысы өтті.

Діни бірлестік басшылары тәуелсіз мем­лекеттің қалыптасуындағы Консти­туция­ның міндеті туралы әңгіме қозғап, келісім мен диалогты дамытудағы рөліне ерекше тоқталды.

Ақпарат және қоғамдық даму министр­лігіне қарасты Дін істері комитеті төрағасы Ержан Нүкежановтың төрағалығымен өткен жиынға Конфессияаралық және өрке­ниет­аралық диалогты дамыту жөнін­де Н.Назарбаев орталығының басқарма төрағасы Алтай Әбибуллаев, «Нұр-Астана» мешітінің имамы Асқар Мұқанов, басқа да діни конфессиялардың өкілдері жиналды. Жиынға қатысушылар Конституцияның ерекше тарихи міндетіне тоқталды. Сондай-ақ көпконфессиялық және көпұлттық қоғам азаматтарының  мемлекеттің дамуы мен гүлденуіне қосқан үлесін, зайырлы мемлекеттегі дін мен діни дәстүрлердің мәнін, Қазақстандағы қазіргі діни ахуал, елдегі діни бірлестік өкілдерінің ұлттық деңгейде келісім мен диалогты дамытудағы рөлін ерекше атап өтті. Отырысқа жиналғандар Ата Заң бейбітшілік пен қауіпсіздіктің, көпұлтты және көпконфессиялы қоғамның іргелі негізі екенін айтты. Ержан Нүкежанов өз кезегінде діни бірлестік өкілдерімен жо­ғары деңгейдегі сыйластыққа түзілген диалогты жалғастыруға ниетті екенін жеткізді.

Сонымен қатар діни бірлестік өкіл­дері Қазақстанға қоныс аударған кездері, бір­лес­тіктердің ашылу тарихы туралы әңгімелеп, естеліктерімен бөлісті. Жиын Конституция күніне орай Қазақстан халқын құттықтау мәтінін қабылдаумен аяқталды.