• RUB:
    5.01
  • USD:
    523.58
  • EUR:
    549.71
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Қыркүйек, 2019

Жастар ұйымдары еріктілер қозғалысын дамытуға уағдаласты

462 рет
көрсетілді

Бас шаһарда қазақстандық-америкалық жастар форумы өтті. Жастар ұйымдарының арасында байланыс орнату және тәжірибе алмасу мақсатында екі елдің белсенділері волонтерлік қозғалысты дамытуға уағдаласты.

Жастар ұйымдарының құрылтайына қатысқан Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин биыл Қазақстанда Жастар жылы жария­ланғанын, сондай-ақ елорда интеллектуалды энтузиаст жастар шоғырланған ірі қала екенін айтты.

– Еліміздің астанасына кел­гендеріңізге қуаныштымыз. Бұл қаланың ерекше миссиясы бар. Елордамыз – бейбітшілік пен келісімнің мекені. Қуантарлығы, әсем шаһарымызда бітім­герлік миссияны үндейтін ауқымды шаралар өтіп тұрады. Оның ішінде Әлемдік және дәстүрлі діни конфессия басшыларының съезін атап өтуге болады. Қазақстандық-америкалық жастардың бірлескен форумы өтіп жатқанына қуаныштымын. Осы жиын жемісті болар деген үмітіміз басым. Біздің мемлекетімізде жастар мәселесіне ерекше ден қойылған. Осы бағытта озық тәжірибелер зерттеліп, енгізіліп жатыр. Бүгінде екі ел арасындағы байланысты тек мемлекеттік деңгейде ғана емес, сондай-ақ жастар арқылы нығайтуға мүмкіндік бар. Бұл форум спорт, ғылым және мәдениет сынды бірнеше салаларда бірлескен жобаларды іске асыруға жол ашады деп ойлаймыз, – дейді Д.Есин.

Форум барысында Bolashaq қауым­дас­тығы, «Азаматтық бастамаларды қол­дау» орталығы және Kazakhstan Trade Council ұйымдары арасында үш-жақты меморандумға қол қойылды. Сол секілді еріктілер қозғалысын дамыту үшін Jas Otan жастар қанаты, Indiana University Fencing Club, Астана жастары және World Can Soar халықаралық ұйымы арасында меморандум жасалды.