Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары елші Ламберто Заньермен кездесуі өтті. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесуге қатысушылар полицияны реформалау және осы саладағы ынтымақтастықтың болашағы туралы пікір алмасты.
Тараптар мүдделі бағыттар бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендігін білдірді.
Осы кездесу аясында «Көпэтникалық қоғамдастықтарда полицияның тиімді және инклюзивтік жұмысына жәрдемдесу» тақырыбында семинар өткізілді.
Кездесу өзара түсіністік пен сындарлы диалог жағдайында өтті.