• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Қыркүйек, 2019

Шетелдік жұмыс күші азаяды

448 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев өңірде жұмыс істеп жүрген шетелдік компанияларға шетелдік жұмыс күшін тарту үшін берілетін квота саны азаятынын хабарлады.

Өткен сенбіде Бөрлі ауданына жұмыс сапарымен барған Ғ.Есқалиев Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг б.в. компаниясы басшылығымен кездесті. Облыс экономикасы үшін өңірдегі ең ірі жұмыс беруші және салық төлеуші ретінде компанияның орны өте маңызды. Компанияда қызмет ететін шетелдік мамандар да көп. Облыс әкімі кадрларды оқшаулау бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты. Ғ.Есқалиевтің айтуынша, қазіргі таңда өңірде ІІІ және IV санат бойынша көптеген шетелдік маман қызмет етіп жүр. Облыс әкімдігі ІІІ санат бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға квотаны азайту, сонымен қатар IV санаттағы шетелдік жұмыс күшін әкелуге толық тыйым салу туралы шешім қабылдады.

– Сіздердің мердігер ұйымдарыңыз электр­газбен дәнекерлеуші, монтаждаушы, бұрғылау жұмыстары бойынша инженер және басқа мамандықтар бойынша ІІІ және IV санаттағы жергілікті кадрларды даярлауы тиіс деп санаймын. Облыс аумағында мамандарды даярлау бойынша ASME алған тренинг-орталықтар бар екендігін есепке алсақ, бұл істі жүзеге асыруға әбден болады. Қарашығанақ кен орындарына кәсіби қызметкерлерді даярлау үшін тренинг-орталықтарды инвестициялау бойынша қол ұшын созуға әрқашан дайынбыз, – деді кездесу барысында Ғ.Есқалиев.

 

Батыс Қазақстан облысы