• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Қыркүйек, 2019

Елордада «Astana Marathon-2019» кезінде бірқатар көше уақытша жабылады

212 рет
көрсетілді

8 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында «Astana Marathon-2019» халықаралық марафоны өтеді. Марафонның өтуіне байланысты қаланың бірқатар көшелерде қатынауға шектеу қойылады деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Марафон таңертең сағат 08.00-ден 14.00-ге дейін өтеді. Осы аралықта кейбір көшелер толықтай, ал кейбірі жартылай жабылады.

Жарыс екі қашықтықтан – 10 және 42,2 шақырымнан тұрады. 10 шақырымдық бағдар Рысқұлов көшесі – Қабанбай батыр даңғылы – Орынбор көшесі – Мәңгілік ел – Рысқұлов көшелері арқылы ұйымдастырылады.

42,2 шақырым қашықтықтағы бағдар келесі көшелер мен даңғылдар арқылы болады:

Рысқұлов– Қабанбай батыр - Орынбор – Мәңгілік ел – Қалдаяқов - Панфилов – Тәуелсіздік – Нәжімеденов – Сарыкөл – Байтұрсынов –Қошқарбаев – Жұмабаев - Момышұлы – Абылай хан –Жұмабаев – Қошқарбаев – Мәңгілік ел – Қонаев – кіші Қабанбай батыр – Достық – Мәңгілік ел – Рысқұлов.

Осыған орай Рысқұлов көшесі мен Қабанбай батыр даңғылы толық жабылады. Қалған көшелерде жартылай шектеу енгізіледі.

Бұған қоса № 21, 29, 35, 47, 50, 51, 60, 100, 101, 107 10 автобус бағдарының қозғалысы уақытша тоқтатылады.

Тағы 56 бағдардың қозғалысы өзгереді. Олар № 2, 3, 4, 5, 5А, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 18, 19, 20, 22, 22А, 23, 24, 25, 28, 31, 32, 33, 37, 40, 41, 44, 46, 48, 52, 53, 54, 56, 61, 70, 71, 72, 73, 80, 102, 104, 105, 302, 303, 304, 308, 309, 313, 314, 315, 316, 318, 320, 321.

Елорда тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық көлікте қатынау уақыты мен бағдарын уақытша шектеу енгізілген және жабылған көшелерді айналып өтетіндей етіп алдын-ала жоспарлап алуларын сұраймыз.