Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жігермұнайсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент роботты дәнекерлеу әдісін пайдалана отырып, мұнай металл құрастырылымдарын шығаратын мұнай сервисі кәсіпорнының жұмысымен танысты.
Компанияның көрсететін қызметтерінің тізіміне бұрғылау және мұнай кәсіпорнының құрал-жабдықтарын дайындау, мұнай-газ кен орындарын орналастыру жұмыстары кіреді.