• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Қыркүйек, 2019

Қазақстан мен Чили арасындағы саяси консультациялардың кезекті отырысы өтті

354 рет
көрсетілді

Елордада Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев пен Чили Сыртқы істер министрінің орынбасары Патрисио Торрестің қатысуымен Қазақстан мен Чили арасындағы саяси консультациялардың екінші отырысы өтті. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Тараптар мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың нығайуын және екі ел саяси ведомстваларының арасындағы диалогтың ілгерілемелі дамуын қолдады.

Келіссөздер барысында екіжақты және көпжақты әріптестіктің кең спектрі, оның ішінде ауыл шаруашылығы, тау-кен өнеркәсібі, жаңартылатын энергия көздері салаларындағы сауда-экономикалық ықпалдастықты нығайту, шарт-құқықтық базаны кеңейту, визалық тәртіпті одан әрі жеңілдету, интеграциялық процестерді арттыру үшін құрметті консулдар институтын күшейту, Қазақстан мен Чили арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту, сондай-ақ халықаралық қауіпсіздік пен климаттың өзгеруіне қарсы күрес сұрақтары бойынша диалогты сақтау мәселелері кең тұрғыда талқыланды.

Сыртқы істер министрінің орынбасары еліміздің Орталық Азия өңіріндегі рөлі, Қазақстанның саяси және экономикалық дамуының өзекті аспектілері, оның транзиттік әлеуеті, шетелдік инвесторларды тарту аясындағы жұмысы, экономиканы жаңғырту және шетелдік инвесторларды қорғау жөніндегі шаралар туралы хабарлады. Қазақстандық дипломат қазақстан-чили дипломатиялық қарым-қатынастарының соңғы 25 жыл аясында қол жеткізген сенімді саяси диалог екі мемлекетіміздің алдында сауда және инвестициялар саласында, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ынтымақтастық нысанында өзара тиімді серіктестікті ілгерілетуге жаңа мүмкіндіктер ашуда екендігін жеткізді.

Чили Сыртқы істер министрінің орынбасары Қазақстанмен орнатылған ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Мемлекет басшысының жақында Халыққа арнаған жолдауына пікір айта отырып, ол Чили мен Қазақстан арасындағы екіжақты қарым-қатынастарын дамытуға одан әрі серпін беру қажеттілігін баса айтты. «Біздің елдердің ДНҚ-лары ұқсас, біз әлемдік және өңірлік аренада маңызды рөл атқарамыз. Мен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында айтқан ұстанымымен келісемін, бізде жетістіктерімізді көбейутіге мүмкіндік бар», - деп айтты Министрдің орынбасары. 

Сонымен қатар ол Қазақстанның ядролық қаруды таратпау, қарусыздандыру, лаңкестікке қарсы күрес, Чили латинамерикалық павильонында өзін ойдағыдай таныстырған «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрме негізінде әлемдік аренада жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды тарату салаларындағы жаһандық бастамаларының маңыздылығын атап өтті. Осы тұрғыда, Чили дипломаты Қазақстан делегациясы Сантьяго қаласында ағымдағы жылдың желтоқсан айында өтетін БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы тараптарының 25-ші конференциясына (СОР25) қатысатынына үміт білдірді.

Көпжақты деңгейде тараптар Чили негіз қалаушы елдердің бірі болып табылатын Тынық мұхит альянсымен байланыстарды дамыту перспективасын атап өтті. Осы жылдың шілде айында Қазақстан аталған Оңтүстік америкалық экономикалық блокта бақылаушы ел мәртебесіне ие болды.

Кездесу қорытындылары бойынша екі тарап Қазақстан мен Чили арасындағы саяси консультациялардың кезекті отырысын Сантьяго қаласында ұйымдастыруға келісті.