• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Президент 06 Қыркүйек, 2019

Президент: Халық жер сатылады деген қауесеттерге сенбеуі керек

174 рет
көрсетілді

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бірінші отырысында айтты.

«Тәуелсіздік пен мемлекеттілік - қастерлі құндылықтарымыз. Билік пен қоғам, ең алдымен, Тәуелсіздікті қорғап, мемлекеттілікті нығайту үшін қызмет етеді. Соңғы уақытта жер шетелдіктерге сатылады екен немесе көрші елдің 55 ескі зауыты көшіріледі, мыңдаған шетелдік жұмыскерлер тартылады екен деген сияқты түрлі қауесет әңгімелер тарап жүр. Халқымыз мұндай даңғаза әңгімелерге ермеуі қажет», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, елордада Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы өтіп жатыр. Шараға Кеңес мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысуда.

Соңғы жаңалықтар