• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Президент 06 Қыркүйек, 2019

Қ. Тоқаев: 55 ескі зауыт көшіріледі деген - қауесет әңгіме

318 рет
көрсетілді

Бұл туралы Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында айтты. 

«Тәуелсіздік пен мемлекеттілік - қастерлі құндылықтарымыз. Билік пен қоғам, ең алдымен, Тәуелсіздікті қорғап, мемлекеттілікті нығайту үшін қызмет етеді. Соңғы уақытта жер шетелдіктерге сатылады екен немесе көрші елдің 55 ескі зауыты көшіріледі, мыңдаған шетелдік жұмыскерлер тартылады екен деген сияқты түрлі қауесет әңгімелер тарап жүр. Халқымыз мұндай даңғаза әңгімелерге ермеуі қажет», деді Президент.