Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады. Жекелеген өңірлерде жаңбыр, найзағай, екпінді жел, бұршақ күтіледі. Солтүстікте және орталықта тұман болса, батыс және оңтүстікте сенбі жауын-шашынсыз өтетіні болжанады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.
Қарағанды облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал, түнде және таңертең жекелеген аумақтарында тұман күтіледі.Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман болжанады.Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан, күндіз Түркістан, Павлодар облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола және Павлодар облыстарында тұман күтіледі. Сондай-ақ Түркістан, Атырау, Қызылорда, Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерінде, Алматы және Ақтөбе облыстарының жекелеген ауданында өте жоғары өрт қаупі сақталады.