Облыс орталығымен іргелес қонған Қызылжар ауданына биыл оңтүстік өңірлер мен Нұр-Сұлтан қаласынан 43 отбасы көшіп келуге ниет еткен.
39 отбасыға жаңа баспананың кілті ұсынылып, 10 ауылға орнығатын болады. Оларға үй 5 жылға жалға беріліп, одан кейін жеке меншікке рәсімдеп алу құқығы қарастырылған.
Архан елді мекенінде 3 үй тұрғызылып, құрылысы аяқталуға жақын. Бөлмелер кең. Жалпы аумағы 113 шаршы метрді құрайды. «Омарова» ЖК-нің прорабы Жұлдыз Какашиннің айтуына қарағанда жұмысқа жергілікті адамдар тартылып, ауланы абаттандыруға кіріскен.
«187 адам Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы облыстарынан және Нұр-Сұлтан қаласынан келеді. 4 отбасы орналасты. Құрылыс жұмыстарына 14 серіктестік жұмылдырылған», дейді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшыс Жанар Ақылбекова.
Бұл мақсат үшін қазынадан 273 млн теңге бөлінген. 11 үйді сатып алуға конкурс жарияланып, мемлекет меншігіне өткізіледі.
Отбасының әр мүшесіне 88 мың теңге мөлшерінде бірреттік өтемақы төленеді. Бүгінде ауданда 134 бос жұмыс орны бар.
Келесі жылы да осынша отбасыға арнап баспаналар салынатын болады.
Солтүстік Қазақстан облысы