• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Қыркүйек, 2019

Ақтөбеде әскери-патриоттық тәрбие беру аясындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

240 рет
көрсетілді

Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі мен Ақтөбе облысының әкімшілігі және «Жас Сарбаз» Республикалық қоғамдық бірлестігі арасында Меморандумға қол қойылды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Меморандумға Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин  және «Жас сарбаз» ұйымының төрағасы аға лейтенант Мейірбек Меңдіғалиев қол қойды.

Салтанатты шара соңында Қорғаныс ведомства басшысы әкімге төс белгі мен Ақтөбе облысыбойынша «Жас сарбаз» республикалық қоғамдық бірлестігі филиалы өңірлік үйлестіру кеңесінің құрметті төрағасы куәлігін табыс етті.

Меморандум Қазақстандағы жастар қозғалысының дамуындағы кезекті қадам ретінде жастардың бастамаларын қолдауға, патриотизмді арттырудағы өзара ынтымақтастыққа, сондай-ақ әскери-патриоттық іс-шараларды жоспарлау мен өткізуге кеңестік және әдістемелік көмек көрсетуге ықпал етеді.

Қорғаныс ведомствасы мен жергілікті атқару органдарының арасындағы ынтымақтастықжастарға әскери-патриоттық тәрбие беру аясындаұйымдық-әдістемелік, ақпараттық және мәдени өзара іс-қимылда жаңа деңгейге көтереді.

Мемарандум шеңберінде біршама тапсырмалар анықталған. Бірлескен форум, акциялар, әскери-патриоттық жиындар мен семинарлар ұйымдастыру, бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда.

Қазіргі таңда ынтымақтастық туралы меморандум  Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, сондай-ақ Қызылорда, Қарағанды, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының әкімдерімен қол қойылған. «Жас сарбаздың» өңірлік филиалдары Қазақстанның барлық облыстарында қызмет атқаруда.