Осы демалыс күндері жәрмеңкеде Алматы және Қостанай облыстары өз өнімдерін ұсынуда. Қала тұрғындары азық-түлікті төмен бағамен сатып ала алады. Барлығы 380 тонна (Қостанай облысы) және 330 тонна (Алматы облысы) көлемінде 100-ден астам өнім түрі ұсынылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
«Мұндай жәрмеңкелерге әр демалыс күндері қатысуға тырысамын, өйткені еліміздің әр өңірінен шыққан өнімдер әр түрлі. Мұнда баға айтарлықтай төмен. Таңдау үлкен: етінен кәмпитке дейін. Бүгін көкөніс, алма сатып аламын - себебі Алматы аймағы олармен танымал», - деді елорда тұрғыны Назгүл Байтурсынова.
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері әр демалыс күндері 28 қазанға дейін өтеді («Хан Шатыр» СОО жанындағы алаң»)
14-15 қыркүйек: Павлодар облысы
21-22 қыркүйек: Ақтөбе және Қызылорда облыстары
28-29 қыркүйек: ШҚО және Атырау облысы
5-6 қазан: Қарағанды облысы
12-13 қазан: Павлодар облысы
19-20 қазан: СҚО
26-27 қазан: Ақмола облысы