Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы №1715
Сәрсенбі, 16 қаңтар 2013 6:25 2012 жылғы 28 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі2013 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру туралы«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. 2013 жылғы 1 қаңтарға әлеуметтік төлемдерді алушылар болып табылатын адамдарға еңбек қабілетін жоғалту және асыраушысынан айрылу жағдайларына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалған әлеуметтік төлемдердің мөлшері 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап он алты пайызға арттырылсын.
Сәрсенбі, 16 қаңтар 2013 6:25 2012 жылғы 28 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі2013 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру туралы«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. 2013 жылғы 1 қаңтарға әлеуметтік төлемдерді алушылар болып табылатын адамдарға еңбек қабілетін жоғалту және асыраушысынан айрылу жағдайларына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалған әлеуметтік төлемдердің мөлшері 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап он алты пайызға арттырылсын. 2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.