• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Қыркүйек, 2019

Көкшетауда серіктестік студенттік шәкіртақы тағайындады

357 рет
көрсетілді

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетімен «Тиолайн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бірлесіп сапалы мамандар дайындау үшін өзара келісім-шарт жасасты.

Кәсіпорын басшылары тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды байыту  мамандығы бойынша оқып жатқан студенттер мен университет оқытушыларына шәкіртақы тағайындап, шетелдерде тәжірибе жинақтауға мүмкіндік жасамақшы.

«Тиолайн» серіктестігі пайдалы қазбаларды барлау және өндіру ісімен айналысатын ірі кәсіпорын. Өндіріс орны жүздеген адамды жұмыспен қамтып отыр. Серіктестік басшылары кадр тапшылығына байланысты Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетіне тау-кен өндіру және байыту мамандарын даярлау бойынша бірлескен жұмыс жасауға ұсыныс білдірді.  

– Біздің кәсіпорын Көкшетау қаласына жақын орналасқан. Бұл жерде біздің кәсіпорынға қажет мамандар оқытылады. Біз сапалы мамандар дайындау ісіне жылына 200 мың АҚШ долларын бөлуге дайынбыз. Алғашқы қаржыландыру жұмысы басталып та кетті,–дейді серіктестік басшысы Виктор Долгалев.