Қазақстан 2026 жылғы сәуір – мамыр айларында Ресейден 4 жыртқыш жолбарыс алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Экология министрі Ерлан Нысанбаев Мәжілісте өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Осылайша, жалпы алғанда Қазақстанда алты жолбарыс болады және содан кейін Тұран жолбарысын қайта енгізу басталады.
«Жолбарыстар үшін 2018 жылы Іле-Балқаш қорығы құрылды. 2024 жылдың күзінде осы қорыққа Нидерландтағы зообақтан екі жолбарыс жеткізілді», деді министр.
Министрдің сөзінше, жолбарыстар арнайы қора-жайларға орналастырылған, қазір өздерін жақсы сезінеді.
«Жолбарыстар жабайы табиғат жағдайында жақсы өмір сүреді. Оның ұрпағын көбейтуге ниеттіміз», деді Ерлан Нысанбаев.
Елімізде сайғақ мүйізі аукцион арқылы сатылымға шығарылады