Кездесу барысында Мәжіліс Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Парламент Мәжілісіндегі Nur Otan партиясы фракциясының ағымдағы қызметі мен жұмыс жоспарлары туралы баяндады. Бұл туралы Elbasy.kz хабарлады.
- Қазіргі уақытта Мәжілістің қарауында 45 заң жобасы бар. Барлық 3 фракция жұмысқа кірісті. Біздің фракцияның алдына берілген тапсырмалардың, сайлауалды бағдарламаның және «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының жүзеге асырылуына сапалы бақылау жүргізу бойынша міндеттер қойылды, - деді Нұрлан Нығматулин.
Сонымен қатар, Елбасыға Еуропа және Азия елдері Парламенттері спикерлерінің кеңесіне дайындық туралы айтты.
- 23-24 қыркүйекте спикерлер Кеңесіне әлемнің 65 елінен келген делегаттар қатысады. Елімізде осындай жоғары деңгейдегі парламенттік іс-шара соңғы 20 жылда алғаш рет өткізіліп отыр. Биылғы жылы Еуропа мен Азия елдері Парламенттері спикерлерінің кеңесі Еуразиялық идеяның 25 жылдығына арналған, - деді Парламент Мәжілісінің Төрағасы.