• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Руханият 10 Қыркүйек, 2019

Халықаралық театрлар фестивалінде Маңғыстау драма театры Әбіш Кекілбаевтың «Күй» повесін сахналайды

411 рет
көрсетілді

Бұл туралы Н.Жантөрин атындағы облыстық-музыкалық драма театрының бас режиссеры Гүлсина Мерғалиева айтты.

- «Күй» повесінде рөлді сомдаушылардың басым бөлігі ер әртістер, ал моно спектакльді бір әйел адам мен бір ер адам сомдайды. Халықаралық деңгейде өткелі отырған бұл театр фестивалінде қазақ сахнасының абызы Асанәлі Әшімов, театр сыншысы Ерік Жуасбек, Әзірбайжан елінен халықаралық дәрежедегі сыншы Исрафил Исрафилов және жас әртістерден Нұркен Өтеуіл, Әділ Ахметов қазылық ететін болады. Фестивальге қатысушылар мен шақырылған қонақтарды қоса есептегенде 150-ге жуық адамды қабылдағалы отырмыз. Қазір оларды күтіп алу, қонақ үйлерге орналастыру, сахнада өнер көрсетуге қажетті жағдай жасау сияқты әзірлік жұмыстары жан-жақты жүргізілуде», деді бас режиссер Гүлсина Бақытжанқызы.

 

 

Маңғыстау облысы