• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Президент 11 Қыркүйек, 2019

Қ.Тоқаев Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің 6-отырысының ашылуына қатысты

250 рет
көрсетілді

Бұл туралы Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды. 

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына басталған мемлекеттік сапары аясындағы жоспарланған кездесулердің барлығында баяндамасын қазақ тілінде жасауда. Атап айтсақ, Мемлекет басшысы Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің 6-отырысының ашылуында сөйлеген сөзін, сондай-ақ, ҚХР іскер топтарының өкілдерімен кездесуіндегі баяндамасын және Қытай қоғамдық ғылымдар академиясындағы баяндамасын толығымен мемлекеттік тілде жасады», деп жазды Берік Уәли.