Мәскеуде 1-6 қыркүйек аралығында Халықаралық IV мегаполистер олипиадасы өтті. Алматылық оқушылар үшінші командалық орынды иеленді. Жарысқа 45 ірі қалалар оқушылары қатысты. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мәскеу мэрі С. Собяниннің бастамасы бойынша өткен шараның қорытындысы Бауман атындағы ММТУ-нің Мәдениет сарайында шығарылды.
Жеке есеп бойынша «БІЛІМ - Инновация» лицейінің оқушылары Мирас Нағашыбек, Дәлен Әмір– үшінші, Дінмұхамед Тұрсынбай екінші орынды жеңіп алды. «Heileybury Almaty» мектебінің оқушысы Нұртас Шынтас екінші, №165 мектеп оқушысы Александр Плотниковпен №161 мектеп оқушысы Санжар Бегдайыр үшінші орындарды иеленді.
Олимпиадаға Нью-Йорк, Берлин, Баку, Гонконг, Дели, Дюссельдорф, Иерусалим, Милан, Минск, Мәскеу, Пекин мен әлемнің басқа қалаларының оқушылары да қатысты. Олар математика, физика, химия және информатика пәндері бойынша сайысқа түсті.