• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Қоғам 11 Қыркүйек, 2019

А.Көлгінов елордадағы проблемалық тұрғын үйлердің бірінде болды

227 рет
көрсетілді

Елорда әкімі Алтай Көлгінов «Баспана-Көктал» кешенінің тұрғындарымен кездесті. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. 

 

Аталған тұрғын-үй кешені төрт жыл бұрын проблемалық деп танылған. Өз пәтерлерін 500-ден астам адам күтіп жүр.

Әкім нысанға соңғы келген сәттен бері обьект құрылысы бекітіліп, үй сараптамадан өтті. Құрылыс салушының сөзі бойынша, үйді әрлеу бойынша ішкі жұмыстар көктемде басталады. Сонымен қатар инженерлік желілер жүргізіледі. 

Қала әкімі А. Көлгінов ТК құрылысының барысы үнемі қадағалауда болатынын атап өтті.

«Ең бастысы, мердігер анықталды. Мемлекет ақша бөлді. ТК құрылысын «Елорда құрылыс» компаниясы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша аяқтайтын болады. Суық түскенге дейін бірінші кезекте үйдің шатыры бойынша жұмыстарды аяқтау керек. Қолдарыңызда үйді электр энергиясына, сумен жабдықтауға және су бұруға қосу құжаттары, сондай-ақ аумақты абаттандыру жобасы болуы тиіс»,- деді А. Күлгінов.

Қалада барлығы 51 аяқталмаған объект бар (76 үй). Жыл соңына дейін 10 тұрғын үй кешені пайдалануға беріледі.