• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 11 Қыркүйек, 2019

Браконьерлік үшін қылмыстық жауапкершілік күшейеді

254 рет
көрсетілді

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов айтты.

Мемлекет басшысы тапсырмасын іске асыру аясында Бас прокуратура тарапынан ауыр қылмыстар үшін жазаны қатаңдату туралы заң жобасы әзірленді. Онда браконьерлік үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейту мәселесі көтерілген.

Жаңа нормаларға сәйкес заңсыз аң аулағаны үшін 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру, бірнеше рет браконьерлік жасағаны үшін бас бостандығынан айыру мерзімін 4 жылға дейін ұлғайту, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторларға қатысты зорлық-зомбылық қолданғаны үшін 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру шаралары қарастырылған. 

«Браконьерлік - қылмыстық теріс қылық емес, ол бойынша татуласу немесе залалды қалпына келтіру мүмкін емес, орташа немесе ауыр қылмыс», - деді Марат Ахметжанов