• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қазақстан 11 Қыркүйек, 2019

Елбасы Бауыржан Байбекті қабылдады

311 рет
көрсетілді

Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президентіне партия жұмысын жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру барысы жөнінде ақпарат ұсынылды. Бұл туралы Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз қызметі хабарлады.

Сонымен қатар, Елбасына «Jas Otan» жастар қанатының қызметін жандандыру бойынша қабылданған шаралар туралы мәлімет берілді.

Сондай-ақ, Б.Байбек Нұрсұлтан Назарбаевқа партияның қоғамдық қабылдауларының жедел әрекет ету және өңірлердегі азаматтардың өзекті мәселелерін шешу жөніндегі жұмыстары туралы баяндады.

Кездесу соңында партия Төрағасы бірқатар нақты тапсырма берді.