Түзету
Жұма, 18 қаңтар 2013 7:37 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 466 Жарлығының («Егемен Қазақстан», 2013 жылғы 17 қаңтар, № 23-28) 4-тармағы мынадай редакцияда оқылсын:
Жұма, 18 қаңтар 2013 7:37 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 466 Жарлығының («Егемен Қазақстан», 2013 жылғы 17 қаңтар, № 23-28) 4-тармағы мынадай редакцияда оқылсын:«4. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды есепке алу мен тіркеу, олардың уақытша және тұрақты тұру, елден тұрақты тұрғылықты жерге кету құжаттарын ресімдеу, азаматтарды құжаттандыру, есепке алу және тіркеу, сондай-ақ босқындар мәселелері бойынша функциялары мен өкілеттіктерін қоспағанда, халықтың көші-қоны, оны ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру, көші-қон үдерістерін реттеу және мониторингілеу, көші-қонды реттеу аясындағы шаралар жүйесін әзірлеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілсін.»Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімі.