• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Қыркүйек, 2019

Думан Әбдіраманов: Игіліктің бәрі өткенге бас июден басталады

144 рет
көрсетілді

Ел ішінде өткеніңмен мақтана бергенше, ертеңгі күніңнің қамын жасаған әлдеқайда қайырлы болмақ деген есті пікірді естіп қалып жүреміз. Дегенмен бағзы заманда бабаларыңның кім болғанын, олар құрған қағанаттар мен хандықтардың өркениет өлкесінде қандай орын алғанын білуге деген құштарлықты қалайша тұншықтырып қоюға болады?!

Тарихыңнан іліп алған түйір­­дей ғибратың болмаса, алда­­ғы күнд­ерімде арман атау­лы­ның небір ғажабын іске асырамын деп астамшылыққа бару тым ағат­тық болар еді. Мәселен, ке­ше­гі Қазақстан халқына арна­ған Жолдауында Мемлекет бас­шысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлық ұлыс – Алтын Орданың 750 жылдық мерейтойын лайықты түр­де атап өту керек­тігіне ер­ек­­ше мән берді. Бұдан сәл бұрын ел Президенті Қара­ған­ды облысына жұмыс сапарымен келіп, «Ұлытау-2019» ха­лықаралық туристік форумға қа­тысқанда Алтын Орданың не­гізін қалаған Жошы ханның есі­мін ұлықтауды, кесенесін мәдени туризм нысаны­на айналдыру­ды айрықша тапсырған еді.

Иә, дәл қазіргі уақыт – екі білекті сыбанып, ертеңгі күн­нің қамы үшін жан аямай еңбек ететін кез. Алайда табан астын­да­ғы тарихымызды аттап өтіп, жоғал­ғанымызды іздемесек, өш­ке­ні­мізді жандыруға ұмтыл­ма­­сақ, біздің болашаққа деген көп ісіміздің түбі баянды боларына кім кепілдік берер екен? Ал Президент болса, «Ата-баба аманатына адал болу – бізге сын», деп бұл тақырып төңірегіндегі пікірталасқа қапысыз төрелігін айтты.

«Ел аман, жұрт тыныш» заманымыз ұзағынан сүйін­дірсе, мемле­кетіміздегі шетін мәсе­ле­лер ретімен ше­ші­ле бере­ріне күмән жоқ. Қазір­дің өзінде бұл ба­ғыт­тағы жұ­мыс­тар­дың жемісін көре бас­та­дық. Жолдауда айтыл­ғандай, ұс­таздар мен мәде­ниет саласы қызметкерлері еңбек­ақы­ла­ры­ның көте­ріл­уі, жалпы ха­лық­тың әл-ауқатын жақсарту, ол көксеген мұраттарды, әсіресе ана тілімізді ұлтаралық қаты­нас тілі дәрежесіне жеткізуді іске асыру жолындағы игі қадамдарды эко­но­микалық тұрғыда даму даңғылына түскен мемлекетіміз назардан тыс қалдырмайды деген сенімдеміз.

Осы тұрғыдан келгенде, ға­ла­­­мат­тығы талас тудырмайтын тарихымызға терең үңіліп, өрке­­­­ниет көшінде тұғыры биік бол­­ған даңқты бабаларымызды дүние жүзі мойындайтын дең­гей­де ұлықтай алсақ, бұл да мем­лекетіміздің әлемдік қоғам­дас­­тық алдындағы абырой-беде­лі­­нің асқақтауына, ке­шегі мен бү­гінгісінің тіз­гі­нін тең ұста­ған имид­жінің тар­тым­ды­лы­ғы арта тү­суіне үлесін аямай қоса­тын та­ғы­лымды іс болмақ.

 

Думан ӘБДІРАМАНОВ,

«Казцинк» ЖШС ашық тау-кен жұмыстары бойынша бас кенші, Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты

Қарағанды облысы