• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Президент 12 Қыркүйек, 2019

Президент Түркістандағы қонақ үйде болған өрттен зардап шеккен ІІМ қызметкерлерінің тез сауығып кетуін тіледі

215 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістандағы қонақ үйде болған өрттен зардап шеккен ІІМ қызметкерлері мемлекеттік наградаларға лайық екенін айтты. Бұл туралы Президент өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Түркістандағы қонақ үйде болған өрттен зардап шеккен ІІМ қызметкерлерінің тез сауығып кетуін тілеймін. Олардың ерен еңбектері мемлекеттік наградаларға лайық», деп жазды Қазақстан Президенті.

Еске сала кетейік, 10 қыркүйек күні Түркістан қаласында орналасқан Royal Grand қонақүйінде өрт шығып, салдарынан 11 адам зардап шеккен.  6 өрт сөндіру қызметкері медициналық көмекке жүгінген. 3 полиция қызметкері және 2 қала тұрғынына медициналық жәрдем көрсетілген.   Орталық қалалық ауруханаға 5 зардап шегуші жеткізілді. Олардың төртеуі жатқызылып, бір азамат қайтарылды. Жарақат бекетіне 3 адам тасымалданды.  Оқиға орнында полицейлер мен ТЖҚ қызметкерлері жұмыс істеп, тілсіз жауды ауыздықтады.