• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Қыркүйек, 2019

Елордада Қазақстан машина жасаушыларының VII Форумы өтіп жатыр

194 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласында EXPO Конгресс-орталығында екі күнге созылатын Қазақстан машина жасаушыларының VII Форумы басталды. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан машина жасаушыларының VII форум қатысушыларына құттықтау хатын шараның ашылуында көмекшісі Мәулен Әшімбаев оқыды. 

«Құрметті форумға қатысушылар, сіздерді Қазақстан машина жасаушыларының VII форумының өткізілуімен құттықтаймын! Қазіргі уақытта машина жасау саласы қосалқы бөлшектерден бастап жоғары технологиялық заманауи жабдыққа дейін көптеген өнім шығарады, ол сондай-ақ тепловоздарды, жолаушылар мен жүк вагондарын, жүк және жеңіл автомобильдерін, трансформаторларды, сондай-ақ басқа да күрделі жабдықтарды шығарады. Машина жасау бүкіл қазақстандық экономиканың дамуына ықпал ететін сала болып табылады. Қазақстан машина жасаушыларының VII форумының қатысушыларына жемісті еңбек және алға қойған мақсаттарына қол жеткізуде жетістіктер тілеймін» делінген Президенттің құттықтау хатында. 

Форумды Қазақстан Республикасы Үкіметі және «Атамекен» ҰКП қолдауымен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Қазақстан Машина жасаушылар одағы ұйымдастырды.

Биылғы форум «Машина жасау – Қазақстанды индустрияландыру драйвері!» тақырыбында өтіп жатыр.

Форумға 1000-нан астам делегат, жетекші қазақстандық және әлемнің 20-дан астам елінен машина жасау кәсіпорындарының басшылары, орталық мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор, даму институттары, бизнес қауымдастықтар және машина жасау өнімдерінің ірі тұтынушылары қатысып жатыр.

Сондай-ақ форум алаңында мамандандырылған машина жасау көрмесі жұмыс істейді.