• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Президент 12 Қыркүйек, 2019

Президент «Alibaba» компаниясының кеңсесіне барып, Джек Мамен кездеседі

298 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына жасаған екі күндік мемлекеттік сапарының аясында Ханчжоу қаласына ұшып барды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына жасаған екі күндік мемлекеттік сапарының аясында Ханчжоу қаласына ұшып келді. Мұнда инновациялық өнімдерді әлемдік нарыққа шығару бойынша көшбасшы «Hikvision» компаниясының жұмысымен танысады. Сонымен қатар, бағдарлама бойынша «Alibaba» компаниясының кеңсесіне барып, Джек Мамен кездесуі, Қытайдың ұлттық шәй мұражайы мен Лэйфен Пагодасын аралауы жоспарланған», деп жазды Берік Уәли.