• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 15 Қыркүйек, 2019

Президент пойыз бен автобустың соқтығысуынан жапа шеккендердің туған-туыстарына көңіл айтты

343 рет
көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақсеңгір-Шамалған теміржол өткелінде пойыз бен автобус соқтығысынан жапа шеккендердің туған-туыстарына көңіл айтты. Бұл туралы Президенттің Twitter-дегі парақшасында жарияланды.

«Алматы облысы Ақсеңгір-Шамалған теміржол өткелінде пойыз автобусқа соқтығысты. Автобуста 67 адам болған. Бір адам көз жұмды, жарақат алғандар бар. Туған-туыстарына көңіл айтамын. Тергеу жұмысы басталды» делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысында жолаушылар пойызы мен автобус соқтығысқанын хабарлаған болатынбыз.

Қазіргі сәтте оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарап жатыр.