• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Бокс 16 Қыркүйек, 2019

Әлем чемпионаты сәтті басталды

220 рет
көрсетілді

Ресейдің Екатеринбург қаласында бокстан ересектер арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр. Дүбірлі додаға 91 мемлекеттен келген 488 былғары қолғап шебері бақ сынауда. Жаһандық жарыстың ал­ғашқы аптасы Қазақстан құрамасы үшін сәтті өтті. Рингке көте­рілген барлық боксшыларымыз жеңіске жетіп, ел мерейін үстем етті.

Халықаралық Олимпиада ко­ми­те­­­тінің былтырғы ережесі­не сәй­кес, биылғы әлем бірінші­лігі 8 салмақ дәрежесінде тұңғыш рет өт­кізілуде. Ресей бокс федера­ция­сының мәліметінше, әлем чемпионатына қатысушылар саны да рекордты деңгейге жеткен.

Әлем чемпионатында біз­дің жігіттер арасынан алғаш­қы бо­лып рингке 81 кило сал­мақ дә­режесіндегі Бекзат Нұрдәу­летов көтерілді. Ол Оңтүстік Ко­рея­ның өкілі Хонг Ингпен күш сынасты. Бәсеке бас­талған бетте қарсыласы екпіндеп шабуылдағанымен, көп ұзамай қандасымыз оны сабасына түсірді. Екінші раунд Бекзаттың айқын басымдығымен өтсе, үшінші раундта кореялықты нокдаунға жі­берді. Осылайша, төрешілердің барлығы да қазақ боксшысының мықтылығын мо­йындады. Газет беттеліп, бас­паға дайындалып жатқанда Бек­зат Венесуэла өкілі Корба Бар­рермен кездесіп жатқан болатын. Кездесудің нәтижесін газетіміздің сайтынан біле аласыз.

Бекзаттың жеңісті жолын 63­ кило салмақтағы Закир Са­­фиул­лин жалғады. Ол ал­ғаш­­қы іріктеу бәсе­кесінде әзер­бай­жандық Бахтияр Гази­бековпен күш сына­сып, тартысты жекпе-­жекте төрешілердің бі­р­ауыз ше­ші­мімен жеңіске жетті. Араға екі күн салып Сафиуллин екін­­ші жекпе-жегін өткізуі тиіс еді. Алай­да канадалық боксшы Томас Блуменфельд жарақатына байланысты шаршы алаңға шы­ғудан бас тартты. Осылайша, Зәкір әлем чемпионатының 1/8 ай­налымына бірден жолдама алды. Енді ол ертең 2017 жылғы әлем чемпионы кубалық Энди Круз Гомеспен ширек финалдың жолдамасын сарапқа салады. 32 жастағы отандасымыз биыл екінші рет әлем біріншілігіне қатысып жатыр. 2015 жылы Қа­тар астанасы Дохада өткен бәсе­кеде бірінші айналымда сү­рінген-ді.

Жарыстың алтыншы күні үш бокс­шымыз шаршы алаңға кө­теріл­ді. Күндізгі сессияда 52 ки­лода өнер көрсететін отан­­да­сы­мыз Сәкен Бибосынов моң­ғо­лия­лық Энхмандах Хар­хуумен жұ­дырықтасып, 3:2 есе­бімен басым түсті. Екі спортшы алма-кезек соқ­қы жұмсаған кездесу тең дәре­жеде өткен болатын. Кездесу барысында сәл ғана басымдық та­нытқан Би­босыновты төрешілер жеңіске лайық деп тапты.

75 килодағы боксшымыз Тұр­сын­бай Құлахмет чех­ Ми­лош Бартлмен шаршы­ алаң­да кездесіп, отандасымыз ай­қын­ басымдықпен жеңіске жет­ті.­ Жекпе-жек барысында Тұр­сын­бай чехиялық боксшыға айла қалдырған жоқ. Екінші раунд­та қар­сыласын нокдаунға жі­беріп те үлгерді. Ауыр әрі нық соқ­қыла­рын­ жаудырған қазақ­стандық бокс­­­­шының жеңісіне төрешілер де­ күмән келтірген жоқ. Қазылар бі­р­­ауыздан Тұр­сын­бай Құлахметті жеңімпаз деп таныды.

Жексенбі күні 2017 жылғы әлем чемпионы Қайрат Ерәлиев (57 кг) пен Василий Левит (91 кг­) алғашқы жекпе-жектерін өт­кіз­ді. Ерәлиев 52 кило сал­мақ­та Рио Олимпиадасының кү­міс жүл­де­гері атанған Йоэль Фи­ноль­мен жұдырықтасты. Ал 91 ки­ло­ға де­йінгі салмақта Василий Ле­вит сло­вакиялық Давид Ми­хай­­ликпен кездесті. Бұл кез­десу­лер­­дің толық нәтижесін egemen.kz сайтынан біле аласыз.

Сондай-ақ бүгін Абылайхан Жүсіпов (69 кг) Таиланд бокс­шы­сы Вуттичай Масукпен жұ­дырықтасады. 29 жастағы Масук өте тәжірибелі боксшы. 2015 жы­лы әлем чемпионатының қола жүл­десін жеңіп алса, 2009 және 2015 жылдары Азия чемпионатында топ жарған. Ал аса ауыр салмақтағы Қам­шыбек Қоң­қабаев Гадфа Дрис­си (Ис­­пания), Белберов Петар Ру­менов (Болгария) жұбының жеңім­пазымен қолғап түйістіреді.