• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Қыркүйек, 2019

Батыс Қазақстанда ауыл жастары жаңа кәсіпке грант ұтып алды

390 рет
көрсетілді

«Батыс Қазақстан облысындағы Бөкей ордасы ауданында жастарға айрықша көңіл бөлініп, жастар саясатын қолдауға бағытталған жобалар жүзеге асуда» дейді аудан басшысы Нұрлан Рахымжанов.

Биылғы жастар жылы аясында елімізде жүзеге асқан «Zhas project» жобасына Бөкей ордасы ауданынан 175 жас кәсіпкер қатысып, 58 әлеуметтік жоба ұсынған екен. Нәтижесінде 28 әлеуметтік жоба жеңімпаз атанып, грантқа ие болды. Яғни ауылда тұратын 85 жас ойға алған кәсібін жоба грантымен жүзеге асыратын болды. Осы жастардың 53-і – жұмыссыздар екен. Енді олар нақты іспен айналысып, өзіне де, қоғамға да пайдалы қарекетке кірісті.

- Тамыз айында «Жас кәсіпкер» жобасы аясында аудандағы іскер жастармен кездесіп, түрлі жобаларымен таныстық. Олардың ішінде киімді құрғақ тазалау,  кондитерлік цех, фотосалон,  дыбыстық жазу, автокөлік жуу, шаштараз және т.б. бағыттағы жоспарлар ұсынылды. Арнайы комиссияның сараптамасынан кейін 39 жас «Жас кәсіпкер» жобасының грантына ие болды, - дейді Бөкей ордасы ауданының әкімі Нұрлан Рахымжанов..

Бұдан бөөлек, елімізде дәстүрге айналған «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша да түрлі сала мамандарына әлеуметтік қолдау шаралары жалғасуда. Биылғы 8 ай ішінде Бөкей ордасы ауданынында ғана 38 маманға  7 млн 320 мың теңге көтерме жәрдемақы төленіп, 14 маманға 46 млн 400 мың теңге бюджеттік несие берілген.

 

Батыс Қазақстан