• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Әлем 16 Қыркүйек, 2019

Бағдад Әміреев: Өзбекстан Түркі кеңесінің толыққанды мүшесі болды

711 рет
көрсетілді

Өзбекстан Республикасының Түркі кеңесіне мүшелігі туралы Түркі кеңесінің Бас хатшысы Бағдад Әміреев мәлімдеме жасады.

«Түркі кеңесінің Бас хатшысы ретінде 2019 жылдың 14 қыркүйекте Өзбекстан Республикасының 2009 жылы Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін (Түркі Кеңесі) құру туралы Нахчыван келісімін ратификациялағанын зор қуанышпен хабарлаймын.

Бұл қадаммен Өзбекстан Республикасының түркі кеңесінің толыққанды мүшесі болды. Осы тарихи шешім Нахчыван келісіміне қол қойылуының 10 жылдығына және 2019 жылы 15 қазанда Бакуде өтетін Түркі кеңесінің 7-саммитіне тұспа-тұс келіп отыр. Алдағы Саммитте Түркітілдес елдері басшылары Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев бастаған бауырлас Өзбек елін ресми түрде құрметпен қарсы алады.

Бауырлас Өзбекстанның Түркі кеңесі ұжымына кіруін шын жүректен құптай отырып, бұл айтулы оқиға Түркі кеңесінің жұмысына және түркітілдес елдер мен халықтар арасындағы ұдайы дамып келе жатқан ынтымақтастыққа үлкен серпін береді деп санаймын.

Өзбекстан әрдайым түркі әлемінің аса маңызды факторларының бірі және Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Самарқанд, Бұхара және Хиуа сияқты қалаларымен түркі-ислам дүниесының экономикалық және мәдени бесігі болды. Сонымен бірге бауырлас Өзбек халқының өзінің бай ұлттық және тарихи мұрасымен әлемдік өркениетке қосқан үлесі зор. Бүгінгі таңда Өзбекстан тек өзінің бауырлас елдеріне ғана емес, сонымен қатар бүкіл аймақ үшін де ынтымақтастық пен дамудың жаңа үрдісін ұсынып отыр.

Осы ерекше сәтті пайдалана отырып, бауырлас Өзбекстанды жаңа дәуірге бастаған Республика Президенті Шавкат Мирзиёевке үлкен құрметімді білдіргім келеді. Өзбекстан мен басқа да түркітілдес елдер арасындағы ғасырлар бойғы мызғымас тамырларға негізделген бауырластық қатынастар Түркі кеңесінің біртұтастық туы астында жаңа кенестік пен жарқын болашаққа ие болатынына сенімдімін» делінген хабарламада. 

Бұған дейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Өзбекстанның Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесіне кіруін қолдайтынын мәлімдеген еді.